Астанада 19 жасар бала өзін өзі атып қаза етті

Фото: Egov.press
Астананың "Кейкі мерген" ату клубында 19 жасар бала өзін атып жіберген, – деп хабарлайды Taspanews.kz inAstana ақпараттық сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Tanfoglio Limited Custom қаруын алып, жаттығу жасап бастаған ол бірнеше рет нысанға оқ жіберген соң, пистолетті өзіне қаратып, атып жіберді.
Полиция департаменті жас баланың оқиға орнында қаза тапқанын айтты. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.