Астанада 2 жолаушы көлік жүргізушісін тонаған
Фото: pixabay
Елордалық полицейлер жуырда такси жүргізушісіне шабуыл жасап, оның 50 мың теңгесін тонап кеткен бұрын сотталған үш ер адамды қолға түсірді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Тонау алдын ала ойластырылған болып шықты. Қылмыс жасаушылардың бірі белгі берсе, екіншісі жүргізушіні шарасыз күйге түсірген, ал үшіншісі арнайы спрейді шашады. Көліктегі төбелестен кейін ақшаны алып қашып үлгерген.
Полиция шабуыл жасағандардың ізіне түсіп, қамауға алды. Қылмыстық іс қозғалды.