Астанада 2024 жылы тұрақты жұмыс орнына 4 691 адам орналасты

Pexels фото на taspanews.kz от 28 февраля 2025 22:33
Фото: Pexels

Астанада жұмыссыздықпен күрес қарқынды белең алуда, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


13 мыңнан астам жастар жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Соның ішінде 4691 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 125 әлеуметтік жұмыс орны ашылды.


«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 1220 орын берілді, 1602 адам қоғамдық жұмысқа араласты, 322 адам алғашқы жұмысқа орналасты, 5 адам «Ұстаздық келісімшарт» бағдарламасы бойынша, 83 адам кәсіптік оқуға, 3227 адам кәсіптік оқуға, 3227 адам электронды еңбек және 504 адам электронды кәсіптік білім алды. Қалада Еңбек мобильділігі орталығымен бірлесіп, «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыс», «Алғашқы жұмыс орны» және т.б. бірнеше бағдарлама жүзеге асырылуда», – делінген қала әкімдігі баспасөз хабарламасында.

Кәсіпкерлік негіздерін оқытуға бағытталған «Bastau business» жобасы іске асуда. Оған 2024 жылы 44 грант бөлінді. Одан бөлек, «Enbek» электронды еңбек биржасы порталы жұмыс істейді. 2024 жылы 41 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.


Маусымдық жұмысқа тұрғызуға бағытталған «Жасыл ел» жобасы бойынша 2024 жылы 4200 адам жұмысқа орналасты.


«2023 жылдың тамыз айынан бастап елордада NEET санатындағы жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға баса назар аудара отырып, халықты жұмыспен қамтуға және кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған Joltap жобасы жұмыс істейді. 2024 жылы 19,5 мың азамат 52 мемлекеттік қолдау шаралары және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бойынша кеңес алып, қысқа мерзімді оқуға жазылды», – делінген Астана қаласы әкімдігі хабарламасында.

Следите за новостями Taspanews