Астанада 27-28 қазан күндері көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі
Фото: Pexels
Астанада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысының өтуіне байланысты кей жерлерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап.
Ұйым отырысына дайындық барысында жекелеген учаскелерде арнайы шаралар өтеді.
“Әзірлік шараларында ҚР арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау және Қарулы Күштер ресурстарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген”,
Одан бөлек, 27 қарашада ҚР КМ Майдан авиациясы ұшады.
Астана әкімдігі келтірген Полиция департаменті мәліметіне сай, 28 қараша сағат 08:00-20:00 аралығында Ж. Нәжімеденов (Тәуелсіздік даңғылынан К. Аманжолов көшесіне дейін) және Аманжолов көшесі (Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынов көшесіне дейін) көшелерінде қозғалыс тоқтайды. Сол себепті № 14, 32, 43, 50, 66, 84 қоғамдық көліктер маршрутында өзгерістер болады.