Астанада 47 балабақша қызметкері еңбекақысын ала алмай келген

Pexels фото на taspanews.kz от 21 апреля 2025 10:58
Фото: Pexels

Астана қаласы, Алматы ауданы прокуратурасы 47 балабақша қызметкеріне еңбекақыны төлеу кешіктірілгенін анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


Талдау барысында 1,9 млн теңге көлеміндегі еңбекақының кешіктірілгені анықталды. Қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы берешек толықтай өтелді. Ұйым қызметкерлерінің құқығы қорғалды.


Күнәлі танылған азамат тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Следите за новостями Taspanews