Астанада 5 жасар баланың құтқарушысын марапаттады

 фото на taspanews.kz от 23 мая 2024 15:16
Фото: пресс-служба ДЧС Астаны

Елордада ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың бұйрығына сәйкес, №31 гимназия мектебінің жетінші сынып оқушысы Ақан Әкімжанов ерлігі үшін марапатталды, - деп хабарлайды Taspanews тілшісі Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астанада №31 мектеп-гимназиясының жетінші сынып оқушысы Ақан Әкімжанов бес жасар баланы құтқарудағы батылдығы мен ерлігі үшін марапатқа ие болды. Ол 23 мамырда ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың бұйрығымен марапатталды, деп хабарлайды Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі. Мектеп ішіндегі жиында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марат Күлдіков Ақан мен оның ата-анасына ҚР Төтенше жағдайлар министрінің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табыс етті.


«Ақанның ерлігі адам өмірін сақтап қалды. Әрбір бала мен азамат қиын сәттерде ерлік пен қаһармандық көрсете алады. Осындай бала тәрбиелеп өсірген ата-анаға, мектеп ұжымына рахмет», – дейді Марат Күлдіков.


Ақан 20 мамыр күні Астанадағы көпқабатты үйлердің ауласында жүріп, 4-қабаттағы балконның қоршауынан құлап бара жатқан баланы байқап қалып, дереу көмекке келген. Ол пәтерге тез көтеріліп, баланы ықтимал апаттан құтқарды.


Следите за новостями Taspanews