Астанада 66 жасар зейнеткерге әкімдік тарапынан үй бөлу міндеттелді

Фото: Pexels

Астанада 19 жыл бойы жатақханада тұрған зейнеткер әйелге сот үй беруді тағайындады, – деп хабарлады Taspanews.kz Жоғарғы Сотқа сілтеме жасап.


1993 жылдан бастап ұлымен жатақханада тұрған әйелді 2023 жылы апатты тұрғын үй құрылысы ретінде тұрғын орнын босатуға мәжбүрленген. Әкімдік комиссиясы әйел мен ұлына құқық белгілейтін құжаттардың болмағанын негіз етіп, жаңа тұрғын үй беруден бас тартқан.


Астана тұрғыны сотқа жүгінді. Онда оның талабы қанағаттандырылып, үй беру тағайындалды. Әкімдік бұл шешімге келіспей, кассациялық тәртіпте даулағанымен нәтиже болмады.


Жоғарғы Соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы әйелді тұрғын үй мәселесін өзі шеше алмайтын әлеуметтік осал топқа жататын зейнеткер екенін келтірді. Нәтижесінде, сот актілері күшінде қалды.