Астанада 7 жасар мектеп оқушысы халықаралық ғылыми олимпиадада алтын медаль иеленді

Фото: Pexels
Сингапурде өткен «StemCо» олимпиадасында Астанадағы Халықаралық № 81 Astana English school мектебінің бірінші сынып оқушысы Нұрлан Нұрдәулет алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Алғашқы кезеңнен өткен ол Сингапурдағы финалды турға жолдама алған. Оқушы «Математика және Science» пәні бойынша үздік нәтиже көрсетті.
Сонымен қатар, осы жарысқа «Жаратылыстану» пәні бойынша қатысқан 4-сынып оқушысы Ақболат Зере қола медаль иеленді.
Пост из социальной сети