Астанада АЭС салу бойынша референдумдағы дауыс беру нәтижелері талданбақ

АЭС фото на taspanews.kz от 08 октября 2024 10:28
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Бүгін Астанада сағат 11:00-де АЭС салуға байланысты жалпыұлттық референдумда дауыс беру нәтижелері туралы комиссиясының отырысы өтеді, – деп хабарлады Taspanews.kz ҚР Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.    


Референдум бойынша 7 қазанда алдын ала нәтиже мәлімделді. Ендігі кезекте нәтиже жарияланбақ.


Күн бұрын Орталық референдум комиссиясы референдумға қатысуға құқығы бар 12 миллион 284 мың 487 адамның 7 миллион 820 мың 204-і дауыс бергенін айтты.


АЭС салуға қарсы еместігін 5 миллион 561 мың 937 адам білдірді. Ол дауыс беруге құқылылардың 71,12%-ын құрады.


Следите за новостями Taspanews