Астанада алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Фото: pex
Астанада алаяқтар телефон арқылы өздерін «Астана-РЭК Астана су арнасы» мекемесінің қызметкерлері ретінде таныстыруда, – деп хабарлайды Taspanews.kz Astanovka98 сілтеме жасап.
Алаяқтар есептегіштерді ауыстыру керегін айтып, 1414 нөмірінен SMS-код күтуді сұрайды. Сосын сізге несие ресімделейін деп жатқанын айтып, ақшаңызды сақтап қалу үшін шоттағы барлық қаражатты алып, Ұлттық банктің резервтік шотына аударуды ұсынады. Несие ресімдеу керектігін айтып, ақшаны «қауіпсіз шотқа аударуды» ұсынады. Кейіннен депозиттен ақша алып, оны «арнайы қызмет» немесе «банк» өкілдеріне аударуға бағыттайды.
Ресми ұйымдар қызметкерлері телефон арқылы ешқашан SMS кодты сұрамайтынын біліп жүрген жөн.