Астанада автобус бағыттары өзгертілді

 фото на taspanews.kz от 28 мая 2024 09:45
Фото: newtimes.kz

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты N46, 49, 64 және 42 автобус бағыттары уақытша өзгертілді, - деп хабарлайды Taspanews ақпарат агенттігі City Transportation Systems сайтына сілтеме жасап.


Назар аударыңыз! Астанада тағы төрт автобустың бағыты уақытша өзгертілді. Бұл жөндеу жұмыстарымен байланысты.


Қалалық көлік жүйелерінің хабарлауынша, №46, 49 және 64-бағыттардың қозғалыс схемасы жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін өзгертілген. Жаңа бағыттарды осы жерден көре аласыз.


Сондай-ақ №42 бағыттың қозғалыс кестесі де өзгертілді. Бұған дейін «Тәуелсіздік сарайы» аялдамасына баратын жол жабылғаны хабарланған болатын. Астанадағы Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі де уақытша жабылады.


Следите за новостями Taspanews