Астанада бала күтуші үй қожайынының зергерлік бұйымдарын ұрлаған
Фото: Pexels
Астана қаласында ұрлықпен айналысқан 29 жасар бала күтуші анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Үй иелерінің сеніміне кіріп, әйел жарты жыл бойы бағалы зергерлік бұйымдарды ұрлап келді. Оны ломбардқа тапсырып, алынған қаражатты жеке мүддесі аясында жұмсап келді, Шығын көлемі 550 мың теғгені құрады.
Күдікті атанған әйел күнәсін мойындап, заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Еске салсақ, жақында Ақмола облысында күйеу бала қайың енесінің алтынын ұрлады.