Астанада Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына арналған көрме өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі фото на taspanews.kz от 19 марта 2025 18:40
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Жеңістің 80 жылдығы мен Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Бауыржан Момышұлы – аты аңызға айналған қолбасшы» атты көрме өтті, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.


Көрмеге келушілер қолбасшының жеке күнделігімен,1955-56 жылдары Калинин қаласында пайдаланылған қойын дәптерімен, соғыс кездерінде қолданған жеке картасымен, портреті, көркем туындыларымен және Ұлы Отан соғысы туралы тарихи кітаптармен танысты.


ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі фото на taspanews.kz от 19 марта 2025 18:40
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі фото на taspanews.kz от 19 марта 2025 18:40
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
«Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының өкілдері, Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің мүшелері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжінің жас ұландары, студенттер мен архив қызметкерлері, тарихшы, ғалымдар қатысты», – делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарламасында.

Следите за новостями Taspanews