Астанада Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына арналған көрме өтті
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астанадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Жеңістің 80 жылдығы мен Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Бауыржан Момышұлы – аты аңызға айналған қолбасшы» атты көрме өтті, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Көрмеге келушілер қолбасшының жеке күнделігімен,1955-56 жылдары Калинин қаласында пайдаланылған қойын дәптерімен, соғыс кездерінде қолданған жеке картасымен, портреті, көркем туындыларымен және Ұлы Отан соғысы туралы тарихи кітаптармен танысты.
«Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының өкілдері, Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің мүшелері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжінің жас ұландары, студенттер мен архив қызметкерлері, тарихшы, ғалымдар қатысты»,