Астанада Денис Тен құрметіне мәнерлеп сырғанаудан турнир өтеді

Фото: Olympic.kz

Астана қаласы, Барыс Арена спорт кешенінде 3-5 қазан аралығында «Denis Ten Memorial Challenge 2024» V Халықаралық турнирі өтеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.


Мәнерлеп сырғанаудан турнирге 31 елден 120-ға жуық спортшы қатысады. 3-4 қазан аралығында 11:00-20:00-де ересектер мен жасөспірімдер санаттарында жеке конькимен сырғанау мен мұзда билеу бойынша турнир өтеді. 5 қазан 19:30-да марапаттау мен гала шоу жоспарланған.


Қазақстан атынан Диас Жиренбаев қатысушылар қатарында.


Турнир кестесі @denistenfoundation ресми парақшасында жарияланады.  


 «Denis Ten Memorial Challenge 2024» ұйымдастырушысы – «Денис Тен қоры» қоғамдық қоры. Іс-шара ҚР Туризм және спорт министрлігі, Астана әкімдігі және Sportqory спортты қолдау қоры қолдауымен өтеді.