Астанада екі қаржы пирамидасы бойынша күдіктілер бас бостандығынан айырылды

Фото: Pexels
Астанада «Жұлдызай» және «Аяулым» қаржы пирамидасын ұйымдастырып, азаматтарға тез ақша табу схемасы бойынша тендерге қатысуға итермелеген, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҚМА сілтеме жасап.
Схемаға қатыс үшін инвестицияның төменгі шегі 1 млн теңгеден басталды. 40 күн ішінде табыс 90%-ға артатынын айтып, алаяқтық тәсілмен азаматтардың қаражаты қайтарылмаған.
Одан бөлек, салымшылар әр жаңа тартылған қатысушы үшін жарнасынан 10% қосымша пайда алған. Қаржы пирамидасына 60 адам тартылды. Шығын 490 млн теңгені құрады.
Күдіктілердің бірі пәтер сатып алып, қайың енесіне ресімдеген. Сосын, тергеу басталғанын естіп, мүлкі тәркіленбеу үшін үшінші адамға жаздырды.
«Сот үкімімен қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы («Қаржы пирамидасын құру және басқару»), ал күдіктілердің бірі қосымша ҚР ҚК 218-бабы 1-бөлігі («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру») бойынша кінәлі деп танылды. Оларға 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған пәтер мен автотұрақ тәркіленіп, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу үшін берілді»,