Астанада Елорда күніне орай жарық дрон шоуы өтеді

Астанада Елорда күніне орай дрон шоуы өтеді фото на taspanews.kz от 05 июля 2024 15:04
Фото: Астана әкімдігі

6 шілдеде Астана аспанында дрондардың жарық шоуы өтеді, – деп жазады Taspanews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтының ақпаратына сілтеме жасап. Бұл қойылым ЭКСПО аумағында өтетін және сағат 18:00-да басталатын "Open Air" Астана күніне арналған концерттің негізгі шарықтау сәті болмақ.


Бұл шоу сағат 22:15-тен 22:30-ға дейін көрсетіледі деп жоспарлануда. Концерттен кейін аспанға 1250 ұшқышсыз ұшу аппараты жіберіледі. Олардың 70-і пиротехникамен жабдықталады. Бұл жоғары технологиялық дрондар қазақ және шетелдік композиторлардың туындыларын пайдалана отырып, музыкалық шығармалармен жарық әсерлерін үндестіреді.


Бұл шоуды өткізу шығындары демеушілердің есебімен жабылды.


Следите за новостями Taspanews