Астанада ер адам кафеде тамақтанып болған соң бөтеннің көлігін айдап кеткен

Фото: Pexels

 Астанада есігі ашық қалған көлік ұрланды, – деп хабарлайды Taspanews.kz  Polisia.kz сілтеме жасап.


Көліктің жарықшамын жағып, есігін ашық қалдырған жұп жақын маңдағы ғимаратқа кірген. Бірнеше минуттың ішінде шыққанда, көлігі жоғалды.


Полиция бұл іс бойынша 39 жасар қала тұрғынын ұстады. Оның қылмысты мас күйінде жасағаны анықталды. Қылмыстық іс қозғалды. Мас болғаны үшін 15 тәулікке қамауда болады.


Одан бөлек, заң бұзушыға 1000 АЕК, 600 сағат түзеу жұмыстары немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу тағайындалуы мүмкін.