Астанада ер адамның көршісі компьютерін ұрлап кеткен

Астана ПД фото на taspanews.kz от 04 октября 2024 08:38
Фото: Астана ПД

Астанада итімен серуендеуге шыққан көппәтерлі үйдің тұрғыны көршісінің ұрлығынан зардап шекті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Астана Пд-не сілтеме жасап.


Ер адам итімен сыртқа шығып бара жатқанда үйнің есігін ашық қалдырып кеткен. Мұны байқаған көршісі оның пәтеріне еніп, «Redmi Note 10» ноутбугын иемденген. 


Үйіне келіп, заты жоғалғанын байқаған ер адам полицияға жүгінген. «Сарыарқа» ауданы ПБ криминалдық полициясы 28 жасар шет елдікті іске қатысы бар деп анықтаған.


Ұрлық жасағанын мойындаған заң бұзушыға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Следите за новостями Taspanews