Астанада кабель желісі ұрланғаннан үйлер жарықсыз қалды

Фото: Pexels
Астанадағы "Шұбар" қосалқы станциясында кабель желісі ұрланған, – деп хабарлайды Taspanews.kz astanarec-ке сілтеме жасап.
Қосалқы станцияда 10 кв ұяшықтар өшірілген. Шектеуде 3 тарату пункті бар. Жарықты қайта қосу жүзеге асады. Ауыстырулар жүргізілуде. Жедел бригадалар оқиға орнында жұмыс атқаруда.