Астанада қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті

Фото: Farabi University
Астанада, орталық мешітте қазақтың көрнекті қайраткері, жазушы Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап.
Жиында Мемлекет басшысы атынан көңіл айту хатын оқылды:
«Аса көрнекті жазушы, драматург, Еңбек Ері Әкім Таразидің дүниеден өтуіне байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртуар перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті, ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. Асыл мұратынан ешқашан айнымаған қалам иесін көзі қарақты оқырман «Әдебиет әлемінің Әкімі» деп ардақ тұтты, зиялы қауым оның шығармашылығымен қатар адамгершілік қасиеттерін ерекше бағалады. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол мұра қалдырған Әкім таразидің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады»,