Астанада Қазақстан құрамасын Азия Ойындарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан құрамасын Қытайда 7-14 ақпан аралығында болатын IX қысқы Азия Ойындарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өткізілді, – деп хабарлайды Taspanews ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Салтанатты жиынға ҚР Туризм және спорт министрі, Ұлттық Олимпиада комитеті өкілдері мен жүлдегер атанған спортшы, екі дүркін чемпион болған Людмила Прокашева қатысты. Іс-шара барысында Ту ұстайтын спортшыларға ҚР Туы салтанатты түрде тапсырылды.
«Харбиндегі Ойындардың ашылу салтанатында еліміздің байрағын хоккейден ҚР спорт шебері Әділ Бекетаев пен шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ольга Тихонова алып шығады. Өз кезегінде Әділ Бекетаев Ту ұстаушы ретінде көпшіліктің алдына шығып, салтанатты түрде ант берді»,
Азия Ойындарына Қазақстаннан 137 спортшы қатысады. Олар 6 спорт түрінен 10 дисциплина бойынша шет ел спортшыларымен тартысқа түседі.