Астанада көпқабатты тұрғын үйдердің орнына мектептер мен емханалар соғылады

 Pexels фото на taspanews.kz от 30 декабря 2024 15:59
Фото: Pexels

Астанада тұрғын үйлердің ретсіз тұрғызылуымен күрес мақсатында, 20-ға жуық жер учаскесінде көпқабатты  үйлердің орнына қоғамдық маңызы бар құрылыстар соғылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.


Астана әкімі Женіс Қасымбектің мәлімдеуінше, бірнеше іс сотта қаралуда. Одан бөлек, жақын арада орналасқан үй тұрғындарымен бірге белсенді жұмыс атқарылуда.


«Copenhagen» ТК ауданында көппәтерлі тұрғын үй кешені алаңға ауыстырылды. «Nova city» ТК ауданында көппәтерлі тұрғын үй кешені білім беру орталығына, «Қалалық романс» ТК ауданында - мектепке жаңа ғимаратқа, балабақша мен скверге және т.б. ауыстырылды»,  – деді Жеңіс Қасымбек.

Жаңа жылдан бастап, инженерлік желілер мен бас жоспарсыз үй құрылысына рұқсат берілмейді.


«Егер қандай да бір құрылыс компаниясы құрылысты техникалық шарттардың толық пакетінсіз жалғастырса, құрылыс учаскелеріндегі жұмыс толығымен тоқтатылады және компания жосықсыз компаниялардың «қара» тізіміне енгізіледі», – Астана қаласы әкімдігі.

Следите за новостями Taspanews