Астанада құны 200 мың АҚШ долларынан асатын сағаттар ұрланған

Pexels фото на taspanews.kz от 30 декабря 2024 14:52
Фото: Pexels

Полиция келтірген ақпаратқа сай, осыдан 1 жыл бұрын, 2024 жылдың басында Астанада ең ірі ұрлық орын алған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Жаңа жыл мейрамынан кейін, 2024-жылдың басында ер адам үйіндегі бағалы заттар сақтайтын сейфтен 110 мың АҚШ доллар тұратын Breguet Tourbillon сағаты, әрқайсысы 55 мың АҚШ доллар тұратын Franck Muller мен Daniel Roth, Rado сағаттарының ұрланғанын байқады. Одан бөлек, 650 мың теңге қолма-қол ақша мен 2 200 доллар жоғалды.


Ұрылар есікке кілт сәйкестендіріп, ер адамның үйде жоқтығын пайдаланған. Күдіктілердің күнәлі екені дәлелденді. Заң бұзушылар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.


Следите за новостями Taspanews