Астанада Құрбан айтта құрбандық шалатын орындар анықталды

 фото на taspanews.kz от 07 июня 2024 12:04
Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада Құрбан айтта құрбандық шалатын орындар анықталды, - деп хабарлайды Taspanews елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мұсылмандардың 17-19 маусым аралығында өтетін Құрбан айт мерекесі қарсаңында Астана әкімдігі құрбандық шалатын орындарда санитарлық нормалардың сақталуын қадағалау мақсатында қаладағы базарларда тексеру жүргізді.


Құрбандық шалу үшін келесі орындар белгіленді:


Шанхай базары;


«Баракат» базары (А-369 көшесі, 10);


«Жайлау» базары (С-754 көшесі, 1 корпус);


«Шолпан-ата» (Алаш тас жолы, 27/2);


ЖМ Железнодорожный (Ақжар к-сі, 20).


Бүгін мал сою орындарының иелерімен кездесу өткізіп, ветеринарлық-санитарлық талаптардың сақталуын талқыладық. Екінші санаттағы рұқсаттары жоқ жерлерде малды союға тыйым салынады. – деді мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, бас маман Мелис Қайнұлдаев.

Ауыл шаруашылығы малдарының иелері мен сою алаңдарының иелеріне ветеринарлық-санитарлық талаптарды қатаң сақтау ұсынылады. Жануарларды мамандандырылған сою пункттерінде, ет комбинаттарында немесе сертификатталған сою орындарында сою керек.


Следите за новостями Taspanews