Астанада металл сөрелерді дайындауды сылтау еткен алаяқ ұсталды

Фото: Pexels

Астана қаласында 36 жасар күдікті адамдарды металл сөре дайындап, орнатамын деген сөздерімен алдаған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Сеніміне кіріп, тауарды жеткізбеген азамат қала тұрғындарының ақшасын иеленген. 


Қылмыстық іс тіркеліп, басқа да бұзушылықтарға қатысы тексерілуде.


Астана поллиция департаменті мәліметіне сай, мұндай қылмыс түрі қолданыстағы заңнама бойынша бас бостандығын айыру жазасымен өтеледі.