Астанада мұғалімдер өңірлер бойынша сайысты

ҚР фото на taspanews.kz от 04 апреля 2025 20:25
Фото: ҚР ОАМ

Астанада өткен "Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия" атты білім сапасын арттыруға бағытталған жобаға 200 педагог – 100 қазақ тілі мен әдебиет пәні, 100 математика пәні мұғалімдері қатысты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Қатусышылар сайысқа келмес бұрын логикалық ойлау мен математикалық сауаттылық бойынша іріктеуден өтті. Сайыстың бірінші турында екі адамнан құралған топ бейінді пәндер бойынша 50 сұрақтан тұратын тестілеуден өтті. Екінші кезеңде өңірлер топ ретінде бірігіп, логикалық пен сыни ойлау бойынша 120 тапсырманы орындады.


Нәтижесінде, Гран-приді Батыс Қазақстандық педагогтар иеленді. Бірінші орын Жамбыл мен Қарағанды облысына тиесілі болды. Екінші орынды Абай облысы мен Алматылық мұғалімдер алды. Үшінші орын Қызылорда мен Ақтөбе облысына берілді.Марапаттау рәсіміне Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.


Следите за новостями Taspanews