Астанада мүмкіндігі шектеулі адамды шарт жасасқан медицина орталығы қараудан бас тартқан

Фото: Pexels

Астана қаласында гемодиализ алуға мәжбүр 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамды медицина орталығы қараудан бас тартқан,, – деп хабарлайды Taspanews.kz Жоғарғы Сотқа сілтеме жасап. 


Мінез-құлқының өрескелдігі мен балағат сөз айтқаны үшін оны емдеуден бас тартқан Амбулаторлық гемодиализ орталығы мен емделуші 2022 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында шарт жасасқан. Қызметкерлерді балағаттау мен әлеуметтік желіде мекеменің беделін түсірді деген қорытындымен, мекеме онымен шартты біржақты бұзған. Ал емделуші медициналық көмексіз қалғанын алға тартып, моральдық зиянды өтеу мен шартты бұзуды заңсыз етіп тану бойынша сотқа жүгінген. 


Гемодиализге Алматыға баруға мәжбүр болған Астана тұрғынының ісін сот қарастырып, медицина орталығы 50.000 тг моральдық зиянды өтеуге міндеттелді.


  - емделушінің дұрыс емес мінез-құлқына байланысты шартты мәжбүрлеп бұзу шарттары оның кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында емделу құқығын шектейді;- талап қоюшының Орталықта болу ережелерін өрескел бұзу фактісі сотта расталмаған.◾️ Жалған ақпарат таратудың бұл дауға қатысы жоқ.  


 - емделушінің дұрыс емес мінез-құлқына байланысты шартты мәжбүрлеп бұзу шарттары оның кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында емделу құқығын шектейді;- талап қоюшының Орталықта болу ережелерін өрескел бұзу фактісі сотта расталмаған.◾️ Жалған ақпарат таратудың бұл дауға қатысы жоқ.     – делінген Жоғарғы Сот хабарламасында.