Астанада оқушыларға жұмысшы мамандығы бойынша диплом береді

Фото: Астана әкімдігі
2023 жылы іске қосылған, техникалық және кәсіби білім беру колледждері базасында жүзеге асқан пилоттық жоба аясында Астананың жоғарғы сынып оқушылары диплом алып шығады, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Астананың кәсіби білім беретін арнайы оқу орындарына барып, білім алған жоғарғы сынып оқушыларының 200-ге жуығы 2025 жылдың мамыр айында аттестатпен бірге, диплом алып шығады.
Түске дейін мектепте, түстен кейін арнайы оқу орнына барып оқыған оқушыларды оқыту техникалық және кәсіби білім беру колледждері базасында жүзеге асқан. Жоба аясында 3 колледж іріктеліп, таңдалған.
Кәсіби білім алу мерзімі 1 жыл 5 айға созылды.
«Бүгінде 156 оқушы «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетіп жөндеу және пайдалану», «Тігін өндірісі және киім дизайны», «Аспазшы» мамандықтарын оқып, практикалық тәжірибеден өтіп жатыр. Айта кетейік, жұмысшы мамандықтар жылына орай пилоттық жобаның ауқымы кеңейтіледі. Биыл қала колледждері 300-ден астам оқушы қабылдап, тігінші, наубайшы, аспаз, шаштараз, флорист, мобильді өндіріс маманы, электр газ салушы мамандықтары оқытылады деп жоспарланып отыр»,