Астанада оқытушы 7 сынып оқушыларына сезім білдірген

Pexels фото на taspanews.kz от 02 октября 2024 16:40
Фото: Pexels

Астана қаласындағы 32-ші гимназияда 43 жасар мұғалім мектепте оқитын қыздарға жазып, сезімін білдірген, – деп хабарлайды Taspanews.kz Astananews.kz инстаграм парақшасына сілтеме жасап.


Тарих пәні мұғалімі 7 сынып оқушыларына кешкі сағат 21:00-ден кейін сезімін білдіріп, хат жазған. Бұған дейін оларды сабақтан кейін қалдырып, мас күйінде қызметке келген.


Мектеп директоры оған өз бетімен жұмыстан кетуге рұқсат берді. Ата-аналар оның бұл шешіміне қарсы шықты. Олар оқытушы әлі де басқа мектепке жұмысқа тұрып, ісін қайталамақ деген қауіп бар екенін алдыға тартты. Оны арнайы қылмыстық бап бойынша жұмыстан шығару туралы талап қойылды.


Instagram
Пост из социальной сети
Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews