Астанада Орталық Азия мен Германия көшбасшыларының кездесуі өтті
Фото: Ақорда
17 қыркүйекте Астанаға Орталық Азия мен Германияның жоғары лауазымды делегациялары келді, - деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері Германия канцлерімен екінші кездесуге қатысу үшін келді. Құрметті қонақтарды Премьер-Министр Олжас Бектенов бастаған ҚР үкіметтік делегациялары жылы қарсы алды.
Астанаға келген Президенттер кейін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен халықаралық қатынастардың маңызды мәселелерін талқылау үшін Тәуелсіздік сарайында кездесті.