Астанада терезе орнату бойынша жалған қызмет ұсынған ер азамат ұсталды

P фото на taspanews.kz от 03 декабря 2024 17:49
Фото: Pexels

Астанада терезе орнатуға уәде беріп, ізін суытқан алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Бұрынырақ терезе орнататын фирмада жұмыс істеген ер адам мекеме жабылған соң, оның атынан ақша табуды жалғастырған.


Алаяқтық жолмен ол OLX сайтында хабарлама жариялап, терезе орнатқысы келген 15 адамды алдап соқты. Олардың үйлеріне барып, терезе өлшемдерін алған соң, алдын ала төлемнің бір бөлігін алып, хабарсыз кеткен.


Осылайша, ол зардап шеккендерге 3 млн теңгеден астам шығын келтірді. Айыпталушы өз күнәсін мойындады. Алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Следите за новостями Taspanews