Астанада тергеушіні ұрып-соққандар бас бостандығынан айырылды
Фото: Pexels
Билік өкіліне күш көрсеткені үшін 3 адам сотталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Ер адамдар мемлекеттік орталық органдардың бірінің лауазымды тұлғалары мен ЖШС басшылығына қатысты жымқыру фактісі бойынша істі тергеп-тексеріп, компания активтерін бұғаттаған тергеушіге кек қайтармақ болды. Осылайша, оған үйінің кіреберісінде шабуыл жасап, ұрып-соққан.
Сотта күнәлары мойындалды. Билік өкіліне күш көрсеткені үшін қылмыстық істі ұйымдастырушы 5 жылға, қалған екеуі 3 және 4 жылға бас бостандығынан айырылды.Үкім заңды күшіне енді.