Астанада жаңа қан тапсыру пункті ашылды

Фото: Pexels
Астана қаласындағы №2 қалалық емхананың филиалында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының жаңа қан тапсыру пункті ашылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен, босанатын әйелдер, онкологиялық науқастар, ауыр сырқаттары бар адамдар үшін қан тапсыру пункті ашылды. Бұрынырақ оң жаңалау тұрғындары қан тапсыру орталығына 1,5 сағатта жеткен болса, қазір бұл уақыт қысқарды.
«Медициналық мекемелерді қамтамасыз ету үшін бізге күн сайын 80 доза эритроцит, 70 доза плазма және 30 доза тромбоцит қажет. Бұл тек Астанада күніне кемінде 150 донор, ал республика бойынша - 1000-ға жуық донация»,
Қазақстанда донор бола алатын адамдар қатары:
- 18 жастан асқан;
- cалмағы 50-кг нан асқан;
- қарсы көрсетілімдері жоқтар (инфекциялар, созылмалы аурулар, соңғы операциялар және т.б.).