Астанада жарты миллионмен теңгемен бағаланатын алтын ұрланды

 фото на taspanews.kz от 24 мая 2024 12:23
Фото: polisia.kz

Астанада қаскүнем 500 мың теңге тұратын зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен. Күдікті бұрын сотталған, - деп хабарлайды Taspanews тілшісі polisia.kz сілтеме жасап.


Астанада жарты миллион теңгеге жуық әшекей бұйымдар ұрланды. Polisia.kz сайтының хабарлауынша, қаскүнем үй иелері үйде болмағанын пайдаланып, үйге кіріп, пластикалық терезені ашып, үйден қымбат әшекей бұйымдарды алып шыққан.


Полицейлер күдіктіні 24 сағаттың ішінде қолға түсірді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұсталған адам бұрын сотталған 30 жастағы Астана тұрғыны болып шықты. Ұрланған алтын бұйымдарын жалған құжаттарды пайдалану арқылы ломбардтарға өткізгені анықталды.


polisia.kz

Сонымен қатар, оның күндіз Наурыз көшесінде жеке тұрғын үйге кіріп, дәліздегі шкафтан құрылғыны алып шығып, құны 300 мың теңге тұратын Huawei маркалы ноутбукті ұрлағаны анықталды.


Қазіргі уақытта аталған ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі өндірістер жүргізілуде. Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың елордада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар екенін тексеріп жатыр. Күдікті қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Следите за новостями Taspanews