Астанада жергілікті халықты жарықсыз қалдырған электр кабелін ұрлағандар ұсталды
Фото: Pexels
Астана қаласы Полиция департаменті іске қатысы бар 4 адамды ұстады, – деп хабарлайды Taspanews.kz қалалық ПД-на сілтеме жасап.
Заң бұзушылар жер асты құдықтарына еніп, түнгі уақытта ұрлық жасаған. Орналасқан жерлерінде 7 қап тазартылған мыс кабель мен үш радиостанция табылды. Электроникалық және механикалық таразылар тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіледі. Күдіктілер қамауда.
“Топ мүшелерінің ұрлықтың бес фактісіне, оның ішінде трансформаторлық қосалқы станциядан мыс шиналарын ұрлауға қатысы бар екені анықталды”,