Астанада жылыту жүйесінен клапандарды ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Астанада қылмыскер жылыту жүйесінен клапандарды ұрлап кеткен фото на taspanews.kz от 06 сентября 2024 08:57
Фото: Polisia.kz

 “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы бойынша жылытуда қолданылатын клапандарды ұрлаған адам ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Аталған ер адам тұрғын үй кешендерінің жертөлелеріне кіріп, аяз кезінде жылыту үшін қажет клапандарды ұрлап кетті. "Нұра" ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері бейнебақылау камераларындан жағдайды көріп, тіркеген. Қымбат клапандарды жүйеден шығарып, 15 миллион теңгеден астам шығын келтген.


Ол әр тұрғын үй кешенінен алпысқа жуық клапанды ұрлаған. Ұрланғанды сатып алушыларға сатқаны және алған қаражатын өзінің жеке мүддесіне сай жұмсағаны анықталды. Қылмыстық іс қозғалды, заттай дәлелдемелер тәркіленді.


Осы оқиғаны ескере, полиция ұрланған мүлікті сатып алу және сату – ауыр құқықтық салдарға апаратын жол екенін айтады.   


Следите за новостями Taspanews