Астанадағы ауа райы: жексенбіде күн суытады

pixabay.com фото на taspanews.kz от 11 апреля 2025 11:35
Фото: pixabay.com

Астанада алдағы күндері, яғни 11-13 сәуір аралығында құбылмалы ауа райы сақталады. Жұма мен сенбі көктемнің жылы шуағын әкелсе, жексенбіде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, – деп хабарлайды Taspanews.kz «ҚазГидроМет РМК» сілтеме жасап.


Синоптиктердің мәліметіне сай, үш күн бойы екпінді жел соғады, кей уақытта екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.


Жұма, 11 сәуір


Жұма күні күндіз ауа температурасы +23+25 ​​градусқа дейін жылынады. Жауын-шашын болжанбайды, күн ашық болады. Алайда оңтүстік-батыстан соққан екпінді жел жылдамдығы – секундына 9-14 метр, кейде 20 метрге жетіп салқын ауа райына себепші болады.


Сенбі, 12 сәуір


Ауа райы өзгеріссіз қалады. Күндіз термометр қайтадан +23+25 ​​градусқа дейін көтеріледі, жел секундына 9-14 метр, кейіннен екпіні 15-20 м/с күшейеді. Ауа құрғақ болады.


13 сәуір, жексенбі


Ауа райы күрт өзгереді – ауа температурасы +13+15 градусқа дейін төмендейді. Ашық аспанға қарамастан, жел секундына 9-14 метр болады, екпіні 20 м/с дейін күшейеді.


Следите за новостями Taspanews