Астанадағы ескі вокзалда жарылыс болды

Астанада кеше түнде ескі теміржол вокзалының аумағында жүк контейнерінде жарылыс болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz «ҚТЖ» ҰК» АҚ сілтеме жасап.
Мәліметке сай, оқиға 2025-жылдың 14-ақпанында, сағат 00:30-да Астана станциясының сұрыптау аймағында болған.
«Жарылыс болған жүк контейнерінде электр жабдықтары, оның ішінде трансформаторлар мен генераторлар болуы мүмкін. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ»,
Анықталғандай, контейнер жеке компанияға тиесілі болған.
Оқиға орнында тергеу басталды. Уәкілетті органдар мән-жайды анықтауға, оқиғаның себептерін және жүкті сақтау шарттарын тексеруге кірісті.
Ал, Төтенше жағдайлар министрлігі бір адам зардап шеккенін хабарлады.
ҚТЖ кезекші қызметкерінің айтуынша, 12-сұрыптау жолында платформаға қойылған контейнерде жарылыс болған. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетті. Өрт болған жоқ, зардап шеккендер жоқ. Алайда, бір адамның қолыны жарылған зат бөлшектерінен жарақаттанған»,
Жедел жәрдем зардап шеккенге оқиға орнында медициналық көмек көрсетті. Ауруханаға жатқызу қажет болмады.
Оқиғаны куәгерлер ұялы телефондарына жазып алып, әлеуметтік желіде таратуда. Олардың айтуынша, жарылыс жергілікті тұрғындар үшін де сезілген. Кейбір үйлердің терезелері сынған.