Астанадағы "Happy Life KZ" қаржылық пирамидасы өкілі зейнеткерлерден пайда тапқан

Deposit фото на taspanews.kz от 06 февраля 2025 10:19
Фото: Depositphotos

ҚМА Астанада «Happy Life KZ» қаржы пирамидасының әрекетін тоқтатты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҚМА сілтеме жасап.


2016 жылдан 2024 жылға дейін күдікті азамат биологиялық белсенді қоспаларды сату желеуімен салымшыларды тартқан. Салым сомасы 7500 теңгеден 2 млн теңгеге дейін өзгеріп тұрды. Ол әр жаңа қатысушы үшін 10%-дан 300%-ға дейін пайда уәде етті. Нәтижесінде 35 адам қаржы пирамидасына тартылып, 286 миллион теңгеден астам қаражат жиналған.


Жәбірленушіле жеңіл табысқа сенген зейнеткерлер болып шықты. Тергеу барысында күдіктінің 36 миллион теңгеге элиталық тұрғын үйден пәтер сатып алғаны анықталды, оған соттың санкциясымен тыйым салынды. Сот оған ешқайда кетпеу мен "тиісті мінез-құлқы туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.


Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚМА азаматтарды күмәнді қаржылық ұйымдарға сенбеуге шақырады.


Следите за новостями Taspanews