Астанадағы LRT-ның алғашқы станциясы көрсетілді

Фото: Freepik
Астанада салынып жатқан жеңіл рельсті транспорт (LRT) желісінің алғашқы станциясы – «101» станциясы көпшілікке таныстырылды. CTS компаниясы станцияның ішкі және сыртқы дизайнын көрсетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Astanovka.kz сілтеме жасап.
CTS компаниясы таратқан видеода станция ғимаратының арқалықтары әйгілі LRT эстакадасының пішінін қайталайтыны байқалады. Ішінде экскаватор , лифтілер, перрон және алып экрандар бар. Экрандарда Астананың көріністері мен LRT жүйесінің макеттері көрсетіледі.
Келесілері Сығанақ көшесінде – 2, Қалдаяқов көшесінде – 4 және «Нұрлы жол» вокзалы маңында – 1 станция болып орналасады. Эстакадалық станциялар жаяу жүргіншілер өткелдерімен жабдықталады. Барлық станция құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда.