Астанадағы Сарыарқа сауда ойын-сауық орталығындағы өрт сөндірілді
Фото: ҚР ТЖМ
2025 жылдың 26 ақпаны сағат 10:58-де Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран көшесі бойында орналасқан Сарыарқы сауда ойын-сауық кешеніндегі өрт сөндірілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Жалынмен күресте 10 бірлік техника, 50 адам жұмылдырылды.
Өрт 50 шаршы метр аумағында сағат 11:58-де толығымен сөндірілді. Ғимараттан 400-ге жуық адам шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.