Астанадағы ұрланған кабель желісінің салдары жойылды

Pexels фото на taspanews.kz от 13 декабря 2024 22:52
Фото: Pexels

Күтпеген өшуден кейін Астананың электр энергиясыз қалып қойған бөлігіне жарық келді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Астана-РЭК-ке сілтеме жасап.


Электр энергиясы қалпына келтіріліп, мәселе шешілді. 8 жедел жасақ жұмылдырылып, тұрғын үй кешендері жарықпен қамтылды. 


"Қалпына келтіру жұмыстары кезінде 5 бірлік дизель-генераторлық қондырғылар арқылы уақытша электрмен жабдықтау қамтамасыз етілді.
Астана-РЭК» АҚ тұрғындарға түсіністік пен шыдамдылық танытқаны үшін алғысын білдіреді",  – Астана-РЭК

 Еске салсақ, 13 желтоқсан кешінде "Шұбар қосалқы станциясында" кабель желісі ұрланғандықтан, жарық сөніп қалды.


Следите за новостями Taspanews