Астанадағы жатақхана өртінен кейін тұрғындар уақытша орналастыру пунктіне көшірілді

Фото: ҚР ТЖМ
2025 жылы 9 сәуір күні таңертең Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бұланты көшесі бойындағы жатақхананың өртенуі тұрғындардың уақытша жерге көшірілуіне себеп болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz аудан әкімдігіне сілтеме жасап.
2025 жылы апатты деп танылған жатақхана 2025 жылы сүрілу қажет болған. Алайда, 6 қабаттағы өрттен кейін тұрғындар мезгілінен бұрын уақытша қоныс аударуға мәжбүр.
Тұрғындар уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді. Тамақ пен ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Еске салсақ, өрт 1600 шаршы метр аумақта сөндірілді. 540 адам дер кезінде ТЖМ тарапымен құтқарылды. Оның ішінде жеті бала болды. Қаза тапқандар мен жарақаттанғандар жоқ.