Астанадан Самарқандқа тікелей рейс іске қосылады

Pexels фото на taspanews.kz от 25 февраля 2025 11:36
Фото: Pexels

2025 жылдың 1 мамырынан бастап QAZAQ AIR әуе компаниясы Астана-Самарқанд бағыты бойынша жаңа бағыт ашады, – деп хабардайды Taspanews.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.


Бұл бағыт Түркістан арқылы транзитпен жүзеге асады. Әуе рейсі аптасына екі рет әр бейсенбі мен жексенбі күндері орындалатын болады.


«Рейстер кестесі келесідей: • Бейсенбі:IQ369 Астана 16:15 – Самарқанд 20:00 IQ510 Самарқанд 21:00 – Астана 01:30 • Жексенбі:IQ369 Астана 07:25 – Самарқанд 11:00 IQ510 Самарқанд 12:00 – Астана 15:30», – делінген Көлік министрлігі хабарламасында.

Одан бөлек, Түркістан-Самарқанд әуе рейстері орындалады.


Ол келесі кесте арқылы жүзеге асады:


Бейсенбі:


Түркістан 19:10 – Самарқанд  20:00;


Самарқанд 21:00 – Түркістан 21:50.


Жексенбі:


Түркістан 10:10 – Самарқанд 11:00;


Самарқанд 12:00 – Түркістан 13:00.


Следите за новостями Taspanews