Астанадан Транскаспий көлік дәлізіне шығатын жол құрылысы басталады

Фото: Pexels
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Үкіметке Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне шығатын тас жол құрылысын бастауды тапсырғанын айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Жаңа жол арқылы орталық және батыс аймақтар аралығы 560 шақырымға қысқарады. Бұл Торғай өңірін дамытуда стратегиялық маңызы зор құрылыс болады.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Арқалықтағы әуежай қалпына келтірілетінін – жаңа аэровокзал соғылатынын мәлімдеді.