Астанадажас балалар өліммен ойнаған: Бұл үшін ата-ана жауап бермек

Фото: Pxhere

Кәмелетке толмағандардың ата-аналары сотқа шақырылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Астана ПД-не сілтеме жасап.


Жақында ғаламторда балалар үйдің бесінші қабатындағы балконнан 7 жасар баланы лақтыруға тырысып жатқанын көрсететін бейнеролик пайда болды. Полиция оқиғаны жедел тіркеп, іс материалдарын сотқа берді.


Балалар бұл "ойын-сауықты" өз әрекеттерінің қауіпті екенін білмей, бейнероликке "розыгрыш" түсіреміз деп бастағанын айтты. Елорданың білім басқармасының өкілдері бұл оқиғаға қатысты кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталғанын айтты.


Білім беру мекемелері ата-аналарға ескерту жасады, балалармен психологтар жұмыс жасауда. Сондай-ақ болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналар мен балалардың қатысуымен профилактикалық кеңес ұйымдастырылды.


Астана ПД Instagram-дағы ресми парақшасында бұл оқиға расталып, балалардың заңды қамқоршыларына қатысты әкімшілік хаттама толтырылғаны туралы хабарлады. Материалдар одан әрі қарау үшін сотқа жіберілді.


Оқиға орнынан алынған бейнематериалдар бүкіл Интернетке тарап, көпшіліктің наразылығын тудырды. EGOV.Press Telegram арнасында жарияланған бейнероликте балалар жеті жасар баланы биіктіктен лақтыруға тырысып жатқанын көрсетеді. Видеоны түсіргені "ол өзі мені лақтырсын деді" деп жәбірленушіні кінәлағанмен, кадрда баланың келіспеушілік білдіріп басын шайқап тұрғанын көруге болады. Жеті жасар баланың ата-анасы оқиғаға кінәлі қатысушыларды қатаң жазалауды талап етеді.