Астаналық полиция қызметкерлері ер адамды бұлшық еттердің құрысуынан құтқарып қалды

Фото: Freepik
Астанада полиция қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, ер адамның өмірін құтқарып қалды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Астана ПД-не сілтеме жасап.
Жергілікті полицейлер кезекшілікке шыққан кезде ғимарат сыртында тұрған ер адам кенеттен құлағанын байқайды. Олар бұлшық еттері тырысып, дем ала алмай, құрысып қалған адамның өмірін алып қалу үшін алғашқы көмек көрсетті. Осылайша, ер адам есін жиды.
Жанында өтіп бара жатқан адамдар жедел жәрдем шақырды. Медицина қызметкері ер адамды өз қарауына алды.
Пост из социальной сети