Қасым-Жомарт Тоқаев Өмірзақ Озғанбаевпен өзекті мәселелерді талқылады

 фото на taspanews.kz от 21 июня 2024 14:41
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Өмірзақ Озғанбаевпен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Taspanews.kz akorda.kz сайтына сілтеме жасап


Мемлекет басшысы РҚБ «Ардагерлер ұйымы» Орталық кеңесі басшысының орынбасары Өмірзақ Озғанбаевты қабылдады.


Диалог барысында Қазақстанның дамуы мен өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелері көтерілді.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аға буын өкілдерін Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда және Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында талқыланған міндеттерді жүзеге асыруға белсендірек атсалысуға шақырды. Оның ойынша, отбасы институтын нығайтып, жастарды нашақорлық пен құмар ойындарға тәуелділік сияқты зиянды құбылыстардан қорғауға ерекше көңіл бөлу керек.


Өз кезегінде Өмірзақ Озғанбаев ауылдық елді мекендерді дамыту мақсатында бірқатар бастамалар ұсынды. Сонымен қатар, ол ардагерлер ұйымының ағымдағы жобалары мен бірлестіктің алдағы жоспарлары туралы айтты.


Следите за новостями Taspanews