«Ата-енесін сыйлап жүрген келінім»: Нұртас Айдарбеков келініне су жаңа көлік сыйлады
Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ортаншы ұлының жары Айгерімге су жаңа көлік мінгізді. Бұл туралы Taspanews.kz Айдарбековтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол келініне салоннан Lexus NX250 көлігін сыйға тартқан.
«Баяғыда әкем мен анам айтушы еді «Балам, ата сыйласан алдыңа келеді» деп. Сол айтқандай ата мен ене сыйлап жүрген келініме шамамның келгенінше осы бір көлікті сыйға тарттым. Құтты болсын деп қойсаңыздар марқайып қалар еді, ағайын», – деп жазды Нұртас Айдарбеков.
Атасының келініне сыйлаған көлігін көрген желі қолданушылары жылы лебіздерін жазып, Айгерім Сәркенованы жарыса құттықтады.
«Мынадай атадан айналасың ғой», «Айгерім, бағың бар қыз екенсің», «Ағамыз келіндерін қызындай көреді», «Сіздің келініңіз болғым келіп кетті ғой», – деп жазды желі қолданушылары.